Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 404 бұйрығы
уберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру, халық арасында туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын ықпалдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ) «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.Ш. Әбілдаев) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп (келісім бойынша):
1) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының туберкулезге қарсы ұйымдары зертханаларының жарақталуын есепке ала отырып, олардың деңгейінде материалды (қақырықты) дәрілік сезімталдыққа өсірінділік зерттеулерді орталықтандырсын;
2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында (бұдан әрі - БМСК) немесе аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдарда (жылжымалы флюороқондырғы) барлық босанған әйелдерді босандыру ұйымында болған кезеңде босандыру ұйымынан шығарғанға дейін флюорография және (немесе) бактериоскопия әдісімен туберкулезге міндетті тексеруді қамтамасыз етсін;
3) туберкулезге күдікті пациенттің туберкулезбен ауыратын науқаспен байланысын болдырмау мақсатында туберкулезге қарсы ұйымға қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерін (қақырық, рентген-флюротүсірілімдер) БМСК ұйымдарына жеткізу арқылы пациенттің қатысуынсыз консультация беруді және диагнозды нақтылауды қамтамасыз етсін;
4) қолайсыз әлеуметтік мәртебесі бар туберкулезбен ауыратын науқастың туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі бойынша толық емделгенге дейін туберкулезге қарсы ұйымның стационарында болуын қамтамасыз етсін;
5) стационарлық ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарды аурухана киімімен қамтамасыз етсін.
2. Туберкулезбен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы ұйымдарда болу режимін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша);
1) туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы ұйым стационарында болуы кезеңінде арнайы киіммен (ұйқы киімі, халаттар, ішкі аяқ киімдер, шұлық) қамтамасыз етуге қаражат көздесін;
2) барлық деңгейдегі туберкулезге қарсы объектілердің халықпен байланысын толықтай болдырмайтын біртұтас қоршау конструкция (биіктігі кемінде 2,5-3 метр) жүргізуді, сондай-ақ аумақтық ішкі істер департаменттерін тарта отырып, күзет жүйесін құруды қамтамасыз етсін;
3) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының туберкулезге қарсы ұйымдарының зертханалары деңгейінде материалды (қақырықты) дәрілік сезімталдыққа өсірінділік зерттеулерді орталықтандырып жүргізу үшін шығыс материалдарына қаражат көздесін.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларының департаменттерінің басшылары облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп (келісім бойынша):
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шұғыл хабарлама алған сәттен бастап 3 күн ішінде туберкулездің барлық ошақтарын бірлесіп бір мезетте эпидемиологиялық тексеруді;
2) міндетті контингентті және тәуекел тобын флюорографиялық тексеру жоспарларын жыл сайын құруды;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын жүргізудің 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған, одан әрі - жыл сайынғы бірлескен облыстық, аудандық жоспарларын 2011 жылғы 1 шілдеге дейін әзірлеуді және бекітуді;
4) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, туберкулездің алдын алу бойынша бірлескен тұрақты кең көлемді санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді;
5) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туберкулездің алдын алу бойынша халық арасында санитариялық-эпидемологиялық ағарту жұмысы әдістерінің тиімділігі мониторингін жүргізуді;
6) туберкулездің алдын алу бойынша халық арасында жүргізілген санитариялық-ағарту жұмысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-ші күні ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының департаменттерінің басшылары (келісім бойынша):
1) әрбір мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларында туберкулездің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты бір маманнан айқындасын;
2) аумақтық ішкі істер органдарын тарта отырып, БМСК ұйымдарына, туберкулезге қарсы ұйымдарға емдеуді бір қалыпта ұстау кезеңіндегі емдеу режимін бұзатын туберкулезбен ауыратын науқастарды, сондай-ақ емдеу курсын аяқтамай бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды іздеуге ықпал етсін.
5. ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.Ш. Әбілдаев) және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Ж.Е. Баттақова) мыналарды:
1) туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу үшін бірыңғай ақпараттық материалдың (дәрістер, кітапшалар, лифлет) пішінін;
2) туберкулездің алдын алу бойынша жүргізілген санитариялық-ағарту жұмысының нәтижелері бойынша халықтың білімі деңгейін бағалау үшін бірыңғай сауалнама-сұрақтарды бірлесіп дайындасын және барлық өңірлердің мәліметіне жеткізсін.
6. ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Г. Төлеғалиева) және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы (К.С. Оспанов) облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының және ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаменттерінің өңірлерге бару арқылы туберкулездің алдын алу бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруы мен өткізуі тиімділігіне іріктеп тексеру жүргізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
С. Қайырбекова |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 404 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының,
туберкулезге қарсы қызметтің және бастапқы медициналық-
санитариялық көмек ұйымының туберкулез ошақтарындағы жұмыс
алгоритмі
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының
жұмыс алгоритмі
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
1) эпидемиологиялық тексеру картасын (330-Е нысаны) толтыра отырып, ошаққа бастапқы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді;
2) туберкулезбен ауыртын науқастың жұмыс орны мен сипатын және оның тұратын жерін нақтылай отырып, эпидемиялық ошақтың шекараларын белгілейді (науқас 1 жыл бойы тұрған және жұмыс істеген барлық мекен-жайларды эпидемиологиялық тексеру);
3) оларда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу қажеттілігін нақтылайды;
4) тексеруге жататын байланыста болған адамдар санын айқындайды;
5) фтизиатрмен бірлесіп туберкулез ошағын сауықтыру бойынша іс-шаралар жоспарын құрайды.
2. Туберкулезбен ауыратын науқастың бацилла бөлу дәрежесіне және әлеуметтік мәртебесіне байланысты туберкулез ошағына эпидемиологиялық топ беріледі:
1) туберкулез ошақтарының бірінші эпидемиологиялық тобына мыналар жатады:
көлемді бацилла бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар тұратын ошақтар;
бір қалыпты бацилла бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар балалармен, жасөспірімдермен, жүкті әйелдермен, маскүнемдіктен және нашақорлықтан зардап шегетін адамдармен бірге тұратын ошақтар;
санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанғысыз ошақтар.
2) екінші эпидемиологиялық топқа осы Алгоритмнің 2-тармағының 1) тармақшасында санамаланған факторлар ошақта болмаған жағдайда, бір қалыпты бацилла бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар тұратын туберкулез ошақтары жатады;
3) туберкулез ошақтарының үшінші эпидемиологиялық тобына мыналар жатады:
туберкулезбен ауыратын науқас бацилла бөлуді тоқтатқан, сапарға кеткен, тұрғылықты жерін ауыстырған немесе туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болған сәтінен бастап туберкулез ошақтары;
туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы малдары анықталған туберкулез ошақтары.
3. Туберкулез ошақтарында ошақтың эпидемиологиялық тобына сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
4. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мыналарды:
1) туберкулезге қарсы ұйыммен бірлесіп туберкулез ошақтарына баруды және оларды сыныптауға байланысты мынадай тәртіппен:
бірінші эпидемиологиялық топ - тоқсанына 1 реттен жиі емес;
екінші эпидемиологиялық топ - жарты жылда 1 реттен жиі емес;
үшінші эпидемиологиялық топ - жылына 1 реттен жиі емес санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді жүзеге асырады.
Туберкулез ошақтарына әрбір барудың нәтижелері эпидемиологиялық тексеру картасында көрсетілуі тиіс.
2) ошақта оның қаупін төмендететін немесе арттыратын жағдайлар өзгерген жағдайда, туберкулез ошағын бір эпидемиологиялық топтан екіншісіне ауыстыруды;
3) туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау ережесіне, инфекция жұқтыруға бағытталған қорғаныш шараларына, ағымдық дезинфекция жүргізу ережесіне оқытуды;
4) байланыста болған адамдарға (сәбилер, балалар бақшаларында, санаториялық балаларды сауықтыру ұйымдарында, мектептерде, санаториялық типтегі сәбилер/балалар бақшаларында, туберкулезге қарсы санаториялардағы санаториялық типтегі мектеп-интернаттарда) химиялық профилактика өткізу сапасын бақылауды;
5) дезинфекциялау құралдарын ұсына отырып, қорытынды дезинфекциялау ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.
5. Ошақта қорытынды дезинфекциялау өткізу жиілігін және өткізуді ұйымдастыру туберкулез ошағының эпидемиологиялық тобына байланысты:
1) бірінші эпидемиологиялық топ - жылына 2 рет;
2) екінші эпидемиологиялық топ - жылына 1 рет;
3) үшінші эпидемиологиялық топ - жүргізілмейді;
4) науқас ошақтан кеткен және үйде қайтыс болған барлық жағдайларда;
5) көшкеннен кейін тұрғылықты жерін ауыстырған кезде (пәтерді немесе заттары бар бөлмені өңдеу) анықталады.
2. Туберкулез ошақтарындағы туберкулезге қарсы қызмет және
бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жұмыс
алгоритмі
6. Туберкулезге қарсы ұйымның фтизиатры және БМСК ұйымының учаскелік қызметі мамандары туберкулез ошағында мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) ағымдық дезинфекция, балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді оқшаулау;
2) өмір сүрудің санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша сауықтыру іс-шаралары жоспарын құру;
3) байланыста болған адамдарды эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау ережесіне, инфекция жұқтыруға бағытталған қорғаныш шараларына, ағымдық дезинфекция жүргізу ережесіне оқыту;
4) байланыста болған адамдарды анықтау және науқас анықталған күннен бастап екі апталық мерзімде тексеру арқылы динамикалық қадағалау жүргізу (15 жасқа дейінгі барлық байланыста болған балаларды флюорографиялық тексеру және 14 жасқа дейінгі балаларға Манту 2ТЕ реакциясына тексеру);
5) көрсеткіштері бойынша балаларға және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге химиялық профилактика өткізу;
6) байланыста болған адамдарға (сәбилер, балалар бақшаларында, санаториялық балаларды сауықтыру ұйымдарында, мектептерде, санаториялық типтегі сәбилер/балалар бақшаларында, туберкулезге қарсы санаториялардағы санаториялық типтегі мектеп-интернаттарда) химиялық профилактика өткізуді бақылау.
7. Ту6еркулезге қарсы ұйымның фтизиатры:
1) туберкулез ошағында ағымдық дезинфекциялау жүргізу үшін дезинфекциялау құралдарымен қамтамсыз етеді;
2) химиялық профилактика өткізу үшін туберкулезге қарсы препараттар тағайындайды;
3) диспансерлік есепке алу кезінде ТБ 16 нысаны - «Туберкулезге қарсы ұйым контингентінің диспансерлік картасы» деген медициналық картаны толтырады.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 404 бұйрығына
2-қосымша
Халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу алгоритмі
1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен денсаулық сақтау басқармалары (БМСК ұйымдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі, туберкулезге қарсы ұйымдар) санитариялық-ағарту жұмысын жүргізудің аумақтық жоспарын әзірлейді.
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары меншік нысанына қарамастан ұйымдар (мекемелер) тізбесін және оларда санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу жиілігін айқындайды.
3. Санитариялық-ағарту жұмысымен қамту жоспарланған ұйымдар санының кемінде 80%-ын құрауы тиіс.
4. Жоспарланған санитариялық-ағарту жұмысының көлемі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі, БМСК ұйымдары мен туберкулезге қарсы қызмет арасында тең бөлінеді;
5. Туберкулездің алдын алу бойынша халық арасындағы санитариялық-ағарту жұмысы контингентті есепке ала отырып және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып өткізудің әртүрлі түрлерін (дәрістер, диктанттар, буклеттер, газеттердегі мақалалар, туберкулездің алдын алу бойынша айлықтар, плакаттар, бейне роликтер) қарастырады.
6. Туберкулездің алдын алу туралы халықтың білімінің деңгейін және хабардарлығын бағалау үшін тоқсанына 1 реттен жиі емес санитариялық-ағарту жұмысы өткізілгенге дейін және одан кейін халыққа «екі жақты»* сауалнама жүргізіледі.
7. Өткізілген сауалнама нәтижелері бойынша туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
8. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мыналарды:
1) туберкулезге қарсы ұйымдардың, жалпы емдеу желісінің, мамандандырылған медицина ұйымдарының, ведомстволық медициналық мекемелердің, жеке медициналық орталықтардың және басқа да ұйымдардың медицина қызметкерлерінің туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын;
2) медициналық профилактикалық тексерулер мен профилактикалық егулер жүргізуін бақылайды.
9. Санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу сапасының көрсеткіштері мыналар болып табылады:
1) халықтың туберкулез туралы білімінің деңгейі (инфекция көздері, берілу жолдары, тәуекел факторлары, негізгі симптомдары, диагностикалау тәсілдері, емдеу және алдын алу әдістері);
2) туберкулездің асқынған жағдайларының саны.
* «Екі жақты» сауалнаманы кәсіпорында осы Алгоритмнің 1-тармағында көрсетілген басқа ұйым өткізген санитариялық-ағарту іс-шараларының деңгейін бағалау үшін осы Алгоритмнің 1-тармағында көрсетілген ұйымдар ішіндегі бір ұйым жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 404 бұйрығына
3-қосымша
__________________________________________________ облысы бойынша
(тоқсан ішідегі, өсу қорытындысы жоқ)
________________ кезеңде
туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмысын
жүргізу мониторинг индикаторлары
1. Қалалар мен аудандар саны ______________________________________________________________________
2. Санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу бойынша құрылған жоспарлар саны
1) облыстық __________________________________________________________________________________________
2) қалалық ___________________________________________________________________________________________
3) аудандық ___________________________________________________________________________________
3. Санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу үшін жоспарланған ұйымдар (мекемелер) саны __________
4. Санитариялық-ағарту жұмысымен қамтылған ұйымдар (мекемелер) саны ________________________
5. Сауалнамамен қамтылған адамдар саны ________________________________________________________
6. Туберкулездің алдын алу шаралары туралы білетін адамдар (сауалнама алынған адамдар ішінде) саны _____________________________
7. Көрсетілген бейне роликтер саны _______________________________________________________________
8. Теледидардан сөз сөйлеулер саны _____________________________________________________________
9. Радиодан сөз сөйлеулер саны __________________________________________________________________
10. Баспасөзге мақалалар дайындалды және жарияланды ________________________________________
11. Жаднамалар, үнпарақтар, кітапшалар берілді, __________________________________ оның ішінде:
1) медицина мекемелеріне (ұйымдарына) _________________________________________________________
2) білім беру ұйымдарына _________________________________________________________________________
3) өзге де ұйымдарға ______________________________________________________________________________
4) халыққа _________________________________________________________________________________________
12. Оқушылар мен студенттер сакқы _______________________________________________________________
13. Оның ішінде санитариялық-ағарту жұмысымен қамтылды _____________________________________
14. Дәріс оқылды ____________________________________________________________________ оның ішінде:
1) білім беру ұйымдарында_________________________________________________________________________
2) халық арасында__________________________________________________________________________________
Мониторингтің дайындалған күні _______________________
Басшының қолы _____________________________________