Диспансердің тарихи
XX ғасырдың 20-шы жылдарында Ақмола қаласында фельдшер Рыжковпен Кенесары көшесі мен Жеңіс даңғылының бұрышында ағаштан жасалған екі қабатты салынған үй кейіннен туберкулезге қасры ауруханаға айналды.
Ақмола қаласында 1939 жылдың желтоқсан айынан бастап бірінші фтизиатор дәрігер Розенберг Ровекка Ароновна болды, кейіннен жер аударылып АЛЖИР лагерінде болған. Онымен бірге дәрігер –рентгенолог Мошкова Е.С. келді. 1949 жыл мен 1963 жылдар аралығында диспансер ескі бөлмеде орналасты, кейін аурухана 35 ересектер мен 30 балалар төсек-орнына айналды. Кейінгі жылдары бас дәрігерлер Купперман, Трищенко болды. Тың игеру кезінен бастап бас дәрігер 1962 жылға дейін жұмыс істеген Цымбал Евгений Михайлович болды. 1965 жылдан бастап бас дәрігер Грицуляк Зиновий Никифирович болды, оның кезінде Масковский 66 көшесінде 4 қабатты торакальді жіне сүйек бөлімі бар ғимарат салынды.
1968 жылмен 1981 жылдың арасында бас дәрігер – Аронов Борис Моисеевич.
1982 жылы Вишневский шоссе бойынша терапевттік корпус пайдалануға берілді.
1966 жылы қалалық туберкулезге қарсы диспансер ұйымдастырылып, 1986 жылы облстық туберкулезге қарсы дисппансерге біріккенге дейін қызмет жасады.
1981 жыл мен 1988 жылдар бойынша бас дәрігер Кенесова Ж.М. болды.
1988 - 1996 жылдарда бас дәрігер Кабилюк Василий Николаевич болды.
1996 жылы теміржол туберкулезге қарсы диспансері облыстық туберкулезге қарсы диспансерге біріккеннен кейін, Мәскеу көшесідегі ғимаратынан Строительный, 9 көшесіндегі ғимаратқа көшірілді (осы уақытта Манас көшесі, 14).
1996 жылдың желтоқсанынан бастап бас дәрігер Жексембаев Амангелді Кондыбайұлы болды.
1998 жылдың ақпанынан бастап Жүсіпова Роза Жапарқызы бас дәрігер болды.
1999 жылдың 1 шілдесінен бастап облыстық орталықтың Көкшетау қаласына көшірілуіне байланысты Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансер Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансері болып қалды.
2010 жылдың желтоқсаннан бастап Астана қаласы әкімдік Қаулысы бойынша Астана қаласы "Туберкулезге қарсы диспансері" ММ "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Туберкулезге қарсы диспансері" МКҚК жаңадан ұйымдастырылды.
2011 жылдың 26 қазаннан бастап бас дәрігер - Бұлдыбаев Бейбіт Түсіпұлы.