ҚазақшаРусский

Туберкулезді алдын алу бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспасөз конференциясында келесі спикерлер қатысты: Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С.Б. Әбдрайымов, Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Департаментінің туберкулезді эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы М.К. Жүсіпова, ТҚД бас дәрігері Б.Т. Бұлдыбаев. 

Іс-шараның модераторы – М.К.Құрманов, Астана қ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы.

Баспасөз конференциясының спикерлері Астана қаласындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайы, астанада өткізілетін туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігі, туберкулезге қарсы қызметте инновациялық диагностикалау және емдеу тәсілдері туралы айтып берді. 

Сөз сөйлегендермен келесі екпін қойылды: Қазақстандағы туберкулезді бақылау басым бағыт болып табылады және 2011-2015 жылдарғы арналған денсаулық сақтауды дамыту «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылынды. Соңғы 10 жыл ішінде туберкулез дертіне шалдығу және одан өлу жағдайлары төмендеді. Скринингтік тексерістердің арқасында, туберкулезбен ауыратын науқастардың 70 % аса аурудың ерте кезеңінде анықталады. Туберкулезді уақытылы анықтау және емдеу нәтижесі – жұқпа резервуарларының төмендеу фактісі болып табылады. 

Сондықтан, туберкулезді алдын алу бойынша Дүниежүзілік күнді және айлықты өткізу мақсаты – бұл жұмыс берушінің және жұмысшының оның денсаулығына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын жүргізу шарттарын жасау және профилактикалық тексерістерді уақытында өту; туберкулездің бірінші белгілері, уақытында емдеу тиімділігі, шылым шегуден, есірткіден, спирттік ішімдіктерден бас тарту профилактикалық іс-шаралар, дұрыс тамақтануды және дене шынықтырумен айналысу туралы тұрғындарды ақпараттандыру; Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша жағдайларды жақсарту үшін қоғам күштерін жұмылдыру мақсатында аталмыш дертке жұртшылықты тарту.

mzgovdensaulslamatakimatnczozh