ТМҰО ұлттық үйлестірушілерінің ҚР ДӘДМ 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен таныстыру
Аталмыш іс-шараның жұмысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің МККД бас сарапшысы Г.Е. Сарсенбаева, ТМҰО басшысы Т.Ш. Абилдаев, туберкулезге қарсы қызметтің әр-түрлі аспектілер бойынша ұлттық үйлестірушілері, республиканың туберкулезге қарсы ұйымдарының басшылары, Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінің мамандары қатысты.
ТМҰО ұлттық үйлестірушілері туберкулезді емдеу диагностикасы, диспансерлік тексеруді, туберкулездің зертханалық диагностикасы бойынша маңызды ұсынымдарға екпін қойып, «Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР ДӘДМ 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен таныстырды. Сонымен қатар, еліміздің ТҚҰ инфекциялық бақылау және дәрілік менеджмент жағдайының бағасы қойылды. Аталмыш кеңестің шеңберінде 2014-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес бойынша Кешенді жоспардың іс-шараларын орындау бойынша Жол картасының белсенді талқылауы өтті.