Website TemplatesJoomla TemplatesWeb Hosting

    ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ

    Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылы

    Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.

    Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

    Туберкулез науқастарының 75%-зы 20-40 жас аралығындағы, яғни еңбекке біршама жарамды жастағы адамдар болғандықтан, туберкулез анықталған жанұялар үлкен зардаптарға душар болып, мемлекет айтарлықтай шығындарға тап болады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез жағдайларының біршама жағдайларын емдеп-жазуға болатындығын дəлелдеді.  Сырқаттың анықталуы жəне оны емдеу шаралары дұрыс та, тиімді  тағайындалған болса, туберкулез науқастары толығымен жазылуы тиіс. Туберкулез – туберкулез микобактериясы деп аталатын (ТБМ)

    микроағзаларының адам ағзасына түсе салысымен, дами бастайтын жұқпалы ауру. 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох аталмыш ауру мен ТБМ-сын ашқаныдығы үшін Нобель сыйлығын иеленді. Бактерияны ми-кроскоппен қарағанда иілген жұқа таяқша түрінде көрінетіндіктен, оны туберкулез таяқшалары деп атайды. Өткен ғасырларда, туберкулез немесе сол заманда аталғандай «чахотка» ауруы соғыс уақытымен салыстырғанда, бейбіт өмірде өмір сүрген көптеген ғұлама адамдардың бұл дүниден кетуіне себепші болып, мемлекеттердің қаңырап қалуына да өз əсерін тигізді. Еске сала кететін болсақ, туберку-лезбен Антон Чехов, В.Белинский, Н.Добролюбов, Дж.Байрон, Ф.Шопен, Шоқан Уəлиханов сынды əйгілі адамдар ауырған. Туберкулез микобактериялары u1179 қоршаған ортаның əсеріне төзімді болып келеді. Олардың таралуына ең жайлысы адам денесінің температурасына сəйкес келетін температура болғандықтан, олар адам немесе жануар ағзасында тез тарайды.

    ТУБЕРКУЛЕЗДІ АНЫҚТАУ МЕН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ƏДІСТЕРІ

    Туберкулезді жетік емдеудің ең басты шарты, ауруды дер кезінде анықтау болып табылады. Ауруды уақытылы анықтау үшін, туберкулезге күмəн ту-дыратын белгілер байқалған мезетте, кідірместен дəрігерге қаралу қажет. Тұрғындардың барлығы туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болу-лары керек жəне сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықты тексеру мақсатында, емханаға қаралулары керектігін білулері қажет. Туберкулездің ең алғашқы басты белгілері:

    • Жөтелдің 2 аптадан астам уақытқа созылуы

    • Қатты шаршау

    • Əлсіздік

    • Тəбеттің төмендеуі

    • Дене салмағының азаюы

    • Кеуде қуысының ауыруы

    • Түңгі уақыттағы терлеу

    • Дене қызуының көтерілуі

    Дегенмен, аталмыш белгілер тек туберкулез жағдайында ғана болмай, өзге де себептерден болуы мүмкін. Сондықтан, дəрігер толық тексер-геннен кейін ғана, туберкулездің бар-жоқтығын айқындай алады. Өкінішке орай, науқастардың көпшілігі алғашқы байқалған белгілерге аса көңіл бере бермейтіндіктен, ауруды асқындырып алады. Туберкулезді дер кезінде жəне нақты анықтау үшін, науқасты ұқыпты ды, тиянақты түрде тексеру қажет. Емханаға келген бойда науқас,  өзін қалай сезінетіндігін, алдында ауырған аурулары жайлы, сонымен қоса жанұясының басқа да мүшелерінің ауырған аурулары жайлы толық айтып беруі тиіс. Ең бастысы, туберкулез науқасымен қатынас болған-болмағандығын, болған жағдайда қашан жəне қанша мерзімде екендігін білген дұрыс. Дəрігер науқасты толық тексергеннен кейін, оны одан əрі  қосымша зерттеулерге бағыттайды. Қазіргі кезеңде туберкулезді анықтаудың ең дəл əдісі: бактериологиялық, рентгенологиялық диагностика жəне балалар мен жасөспірімдерде Манту сы-  намасы болып табылады. Енді осы  аталған əдістерге жеке-жеке толығырақ тоқталып өтейік. Туберкулезді бактериологиялық диагностикалау

    – науқастың патологиялық материалындағы (қақырық, қан, зəр, жараны бөліп тұрған ауатамырдың u1179 құрамы,  жұлын сұйықтығы, операциялық материал) туберкулез микобактериясын анықтауға бағытталған. Бұл түрі тек  туберкулезді диагоностикалау үшін ғана емес, процестің ағымын, тиімді емдеу үлгісін жо- спарлауда жəне оның  тиімділігін дұрыс бағалауда да пайдасы орасан зор.

    ЗИЯНДЫ ƏДЕТТЕР ЖƏНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ

    Спирті бар ішімдіктерді шамадан тыс немесе тұрақты тұтыну ағзаның əлсіреуіне əкелуімен қатар, түрлі аурулардың,  оның ішінде туберкулездің де арту- ына əкеп соқтырады.

    Оған жануарларға жүргізілген зерттеулердің нəтижесі дəлел бола алады. Айта кететін болсақ, теңіз шошқасына арнайы туберкулезді жұқтырып, оқтын-оқтын ішімдік берілген. Ішімдік қабылдаған жануарлар ауруға шалдыққаннан кейін ауру-ды ауыр көтеріп, ішімдік берілмегендерге қарағанда үш есе аз өмір сүрген.

    Туберкулез науқасы үшін ішімдіктің зияны айтарлықтай. Туберкулез ауруы-мен болсын, өзге де жұқпалы ауруларымен болсын ауыратын науқастың тағдыры,

    ең бірінші оның ағзасының күйіне тəуелді екендігі бəрімізге мəлім. Сау адамның ағзасында микробтардың дамуы екі талай: туберкулез микобактериялары немесе

    өледі, немесе бітелген күйде болады. Дегенмен, салауатты өмір салтын сақтамау сал-дарынан денсаулығы əлсіреген адамның ағзасы жұқпаларға төтеп беру қабілетінен

    арыла береді. Осыдан барып, ағзаның қорғаныш айырлары ауыртпалықтар туды-ратын микробтармен қарсы күресе алмай, ешбір кедергілерсіз дами бастап, өкпеде

    немесе басқа да мүшелердің бұзылуына əкеп соғуы мүмкін.

    Ағзаның туберкулез микобактерияларына жəне басқа да жұқпалы аурулардың

    қоздырғыштарына қарсы күресінде басты назар аударатыны, адам ағзасының

    барлық қорғаныш күштерін басқару қызметіндегі жүйке жүйесі болып табылады.Туберкулез науқасының өмірге деген көз қарасы дұрыс болса, оның жүйке жүйесі

    де тыныш болады. ал, ішімдік болса оны əлсіретіп, уландырады.

    Спирті бар ішімдіктер тəбетті жақсартып, ас қортуға пайдалы деген оймен

    жүргендер де аз емес. Олардың барлығы дерлік қателеседі. Туберкулез науқасының

    тəбеті, дəрігер жазып берген тəртіпті қатаң түрде сақтағанда ғана жақсарады, мыса-

    лы, солардың біріне таза ауада серуендеу жатады.

    Сонымен қатар, ішімдік асқазанның сілемейлі қабатын қатты тітіркендіріп, оны

    жиі қолданған жағдайда, бауыр__Һи___F_ђ, бүйрек қызметтерінің бұзылуына əкелуі де мүмкін.

    Туберкулезге шалдыққан науқас аурудан тезірек сауыққысы келсе, ең бірінші алкогольді ішімдіктерден мүлдем бас тартуы керек. Ең дұрысы, ішімдікті бірден

    тастаған дұрыс. Спирті бар ішімдіктерді жиі қолданатын адамадар ішімдіктен

    бірден бас тартқан кезеңнің бас кезінде өздерін жайсыз, тəбетінің нашарлағанын

    жəне ауызында бір жағымсыз дəмді сезінетін болады. Бірақ, бір-екі апта өткеннен

    кейін жағымсыз əсерлер жоғалып, науқас өзін жайлы сезіне бастайды.

    Туберкулезге қарсы препараттар мен ішімдіктің бір уақытта болған əсерлері

    дəрілерден болатын жанама əсерлердің нығаюына əкелуі мүмкін, бұл жанама əсерлер өз кезегінде күрделі аллергиялық əсерлердің, соның ішінде уланудан бо-латын дененің əлсіреуіне əкелуі мүкін. Мұндай жағдайларда, пайда болған жана-

    ма əсерлерді емдеу, аурудың ағымына кері əсерін тигізіп, туберкулез жұқпасының

    асқынуына əкеледі.

    Туберкулез дертінің артуына байланысты қауіп-қатерлі тобына

    төмендегілер жатады:

    • өкпенің созылмалы түрімен;

    • қантты диабетімен;

    • маскүнемдікпен;

    • нашақорлықпен;

    • АИТВ/ЖИТС ауруларымен диспансерлік есепте тұрған жандар;

    • гормонды ем қабылдап жүрген жандар;

    • жаңа басанған əйелдер;

    • туберкулез науқастарымен қатынастағы жандар;

    • айыпталушылар жəне сотталғандар;

    • əскери қызметін өтеуге шақырылатындар.

    Дегенмен, мекемелердің де қызметкерлері жылына бір рет флюорографиялық

    тексерістен өтулері тиіс. Ол процедура, туберкулез анықталған жағдайда,

    сол жиынның адамдары қызмет көрсету барысында қатынасатын адамдарға

    жұқтырмау мақсатында қажет. Олар мектепке дейінгі бақшалардың,

    мектептердің, емдеу-алдын алу ұйымдардың, тамақ өндірісі объектілерінің,

    тұрғындарға қызмет көрсету жəне т.б. қызметкерлері болып табылады.

    Егер де, сіз қауіп-қатер тобына жататын болсаңыз, туберкулезді дер кезінде

    анықтап, нəтиже оңды болған жағдайда, емді кідіріссіз бастап, тез арада сауығу

    мақсатында жыл сайын тексерістен өтіп тұруыңыз қажет.

    Материалдарды залалсыздандыру əдістемесі:

    Қақырығы бар түкіргіштерді залалсыздандыру үшін, түкіргішті ашық

    түрінде төмендегі дезинфекциялаушы ерітінділердің біріне толығымен маты-рып қойылады:

    • хлораминнің 5%-ды ерітіндісіне, 4 сағатқа

    • хлораминнің 2,5%-ды активтенген ерітіндісіне, 2 сағатқа

    • 1%-ды кальци гипохлоритіне, 2 сағатқа.

    Қажетті уақыт өткен соң, түкіргіштер ерітінділерден алынып, ағын

    суда шайылады. Қақырық түскен (қолданылған) дезинфекциялы ерітіндіні

    канализацияға төгіп тастауға болады.

    Ыдыс-аяқты дезинфекциялау үшін, 15 минут аралығында 2%-ды сода

    ерітіндісінде қайнатылады. Сондай-ақ, өзге де əдісті қолдануға болады. Ол үшін ыдыс-аяқты 1 сағат көлемінде 0,5%-ды хлораминнің активті ерітіндісі немесе 0,5%-ды хлор-бета-нафтол ерітіндісінің біріне матырып қою қажет.

    Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқастың іш-киімдері 2%-ды

    сода ерітіндісінде 15 минут аралығында қайнатылады. Сонымен қоса, оларды

    төмендегі ерітінділердің біріне салып қоюға болады:

    • хлораминнің 5%-ды ерітіндісіне, 4 сағатқа

    • хлораминнің 1,0%-ды активтенген ерітіндісіне, 1сағатқа

    Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқастың киімдері мен жатар ор-нын (төсек бұйымдарын) ағымды дезинфекциялаумен қатар, жиі-жиі далаға

    жайып, ыстық үтікпен үтіктеп тұру керек.

    Науқастың шығаратын бөлінділерін, бөліндінің 1 кг-на 200 грамм

    хлор ізбесінің мөлшері есебінде, құрғақ хлор ізбесімен жауып, жабық ыды-

    ста 2 сағатқа қалтырылады. Осыдан кейін барып қана, залалсыздандырылған

    бөлінділерді унитазға төгіп, ыдысты ыстық сумен шайып, дезинфекциялаушы

    ерітіндіге салып қойылады.

    Раковина, ванна жəне унитаз күнделікті 5%-ды хлорамин немесе 0,5%-

    ды кальция гипоклорит ертінідісіне матырылған шүберекпен немесе химиялық

    заттармен жуып тұрылуы қажет (экспозиция 60 мин). Дəретхананы тазалауға

    арналған бөлек арнайы шелек пен шүберектің болуы керек жəне оларды басқа

    бөлмелерді жуу үшін қолдануға мүлдем болмайды.

    Науқасты емдеп-қарау барысында u1087 пайдаланылатын заттар да, міндетті

    түрде, тұрақты дезинфекцияланып тұруы керек. Ол үшін, заттар 2%-ды сода

    ерітіндісінде немесе дезинфекциялаушы ерітінділермен 15 минут мөлшерінде

    қайнатылады. Клизма сияқты рəзіңке заттарды 2%-ды хлор ізбесінің

    ерітіндісіне, 5%-ды хлорамин ерітіндісіне немесе 1%-ды кальци гипохлорит

    ерітіндісіне матырылған шүберекпен сүрту керек.

    Науқастың бөлмесі (едені) жылы 2%-ды сабынды-сода ерітіндісімен жуы-

    луы керек.

    ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ

    Туберкулездің алдын алудың ең тиімді жəне сенімді əдісі – бұл тубер-

    кулезге шалдыққан барлық науқастарға толыққанды, кешенді жəне

    ең бастысы үзіліссіз ем жүргізу болып табылады. Себебі, туберкулезге

    қарсы препараттарды қабылдаған науқастың бактериябөлінуі тоқтап,

    сəйкесінше жұқпаның қоршаған ортаға таралу процесі тежеледі.

    Туберкулез – əлеуметтік жəне жалпы меициналық мəселе, сондықтан

    туберкулездің алдын алу мақсатында əлеуметтік жəне медициналық тұрғыда

    бағытталған шаралардың кешені жүргізіледі. Туберкулездің алдын алу екі

    бағытта жүргізіледі – арнайы, яғни тікелей ауру қоздырушысына бағытталған

    жəне ең сау адамдардың ауруға шалдығуларының алдын алуға бағытталған са-

    нитарлы алдын алу.

    Сонымен, арнайы алдын алу шаралары ағзаның туберкулез

    қоздырғыштарына қарсы төтеп бере алуын арттыруға бағытталған жəне нақты

    бір адамға негізделген. Сау адамның туберкулез жұқпасына төтеп бере алу-

    ын, иммунизация жолы – вакцинация арқылы арттыруға болады. БЦЖ вак-

    цинациясы көптеген елдерде ерекше мəнге ие болып келеді. Ол əлемнің 64

    елінде міндетті шара болып есептелінеді, ал 118 елде ресми түрде ұсынылған.

    Аталған екпе жуық шамамен жас ерекшеліктері əртүрлі 2 млрд. адамға жасала

    отырып, көптеген елдерде туберкулездің ауыр түрлерінің артуын ескере оты-

    рып, ол аурудың алдын алу шараларының басты түрі болып саналады.

    Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы жаппай вакцинация жа-

    сау, перзентханаларда жаңадан дүниеге келген сау нəрестелерге жүргізіледі.

    Оны нəрестенің анасының жазбаша түрдегі келісімімен арнайы егуге арналған

    бөлмеде жасайды.

    БЦЖ вакцинациясының құрамы туберкулез микобактерияларының

    тірі, əлсіз штаммаларынан тұрады. Олар адам ағзасына түсе салысы-

    мен көбейіп, туберкулезге қарсы арнайы иммунитеттің дамуына əсер

    етеді.

    Əлсіз микробтар ауруды тудыра алмайтындықтан, аталған екпелер адам

    үшін қауіпсіз болып келеді.

    Ағзаға туберкулез жұқпасы еңген жағдайда, өз кезегінде, еш əрекетсіз қала

    бермей, керісінше қорғаушы күштері арқылы олармен күресе бастайды. Бұл

    күрес нəтижесінде маңызды қайта құрылулар жүретін жұқпалы ауруға қарсы

    төзімділікке ие біршама күрделі процесс болып табылады. Ағзаның мұндай

    төзімділігі иммунитет немесе əрекетсіздігі деп аталады. БЦЖ вакцинация-

    сы, тек сол жақ иықтың жоғарғы жəне ортаңғы үшінші сыртқы жақ шекара-

    сында тері астына жасалады. Дұрыс жасалған жағдайда, 15-20 минуттан кейін

    жоғалып кететін, ақ түсті папула қалыптасады.

    Екпе жасалғаннан кейін оны орап-таңуға, йод ерітіндісімен жəне басқа

    да дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге тыйым салынған. Баланы жуын-дыру барысында егілген жерді қатты жууға жəне ол жерге сабынның түсіп

    кетуінен сақтану керек.

    Екпе орнында 4-6 аптадан кейін, диамерті 5-10мм болып келетін центрінде

    шағын ғана түйіні бар инфильтрат түріндегі арнайы реакция жүре бастай-

    ды жəне шешек түріндегі қабыршақ пайда болады. Кейбір жағдайларда па-

    стула, кейіннен жаралар жəне диаметрі 2мм-ден 10мм-ге дейінгі тыртықтар

    қалыптасады. БЦЖ вакцинациясына тиісті кезеңдері ретінде, 2-4 ай ішінде

    инфилтраттың пайда болуынан бастап, тыртықтардың қалыптасуына дейіңгі

    барлық кезеңдер өтуі тиіс. Вакцинация егілген балаларға дəрігерлер мен

    емханалардың мейірбикелері қадағалау барысында, иммунизацияның 1, 3

    жəне 12 айларында екпенің реакциясын тексеріп, оның сипаты мен мөлшерін

    арнайы медициналық кітапшаға белгілеп қоюлары тиіс (63 формасы).

    Жаңа туған нəрестеге вакцина жасалғаннан кейін иммунитеттің бірден

    қалыптасуы мүмкін емес, ол шамамен 4-6 аптаны қажет тетеді. Сондықтан,

    бұл кезеңде баланың туберкулезді жұқтыруынан аса сақ болулары керек. Жаңа

    туған нəресте туеркулез науқасымен тығыз қатынаста болған болса, онда оның

    туберкулезге шалдығуы өмірінің алғашқы аптасында қаупті болып саналады,

    яғни оның ағзасында иммунитет қалыптасқанға дейін. Осы себептен де, жаңа

    туылған нəрестені алғашқы 8 апта бойында туберкулез науқастарынан оқшау

    ұстайды.

    Туберкулезге қарсы вакцина егілгеннен кейін ағзада қалыптасатын имму-

    нитет нақты бір уақыт аралығында ғана сақталады. Сондықтан, бірнеше жыл-

    дан кейін оны қайталау керек, яғни ревакцинация жасау қажет. Елімізде ревак-

    цинацияны 6-7 жылда бір рет жүргізу тағайындалған, яғни бала орта мектептің

    бірінші сыныбына келген кезде (қыркүйек).

    Ревакцинация жасау алдында туберкулезбен ауырған-ауырмағандығын

    анықтау мақсатында, балаға толық тексеру шаралары жүргізіледі. Ревакци-нация туберкулиндік u1089 сынамасы (Манту сынамасы) теріс нəтижелі болған

    балаларға ғана жасалады, ал дəрігердің тексеруінен ағзадағы туберкулездің

    өзгерістерін анықтау мүмкін емес. Бұл кезеңде жанұясында туберкулез

    науқасы бар балаларды ревакцинацияға дейін бір айға жəне одан кейін 4-6

    аптаға оқшаулау қажет.

    Ата-аналары жасалған вакцина баланы толығымен туберкулез

    жұқпасынан қорғай алмайтындығын білулері тиіс.

    Сондықтан да, олар туберкулездің алдын алу мақсатында қосымша шара-

    ларды да орындаулары керек. Ондай шараларға баланы жұқпадан оқшаулау,

    физикалық дұрыс тəрбие, дұрыс (пайдалы) тамақтану, ағзаны шынықтыру жа-тады.

     
    Біздің сұрау
    Сіз біздің мекеменің қызмет көрсету дәрежесін қалай бағалайсыз?
     
    Іздеу